«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында екі ірі сауда үйі жалға алушыларды төлем жасаудан босатты

2020 жылғы 09 Сәуір
- Ақмола облысы
36052 просмотров

Көкшетауда екі ірі сауда үйі карантин режимінде шектеу кезеңінде жалға алушыларды толық төлем жасаудан босату туралы шешім қабылдады

 Көкшетау қаласының орталық әмбебап дүкенінің әкімшілігі әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық позицияны танытып, бутик иелерінен жалға алу құнын талап етпеу туралы алғашқы болып шешім қабылдады. Сауда үйінің ауданы 12 000 шаршы метрден астам.

 «Ұрпақ» ЖШС («ЦУМ» СҮ) директоры Мәлік Күлтеміров бұл ойластырылған шешім екенін айтты.

 «Елімізде төтенше жағдай енгізіліп, Ақмола облысында   шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Орталық әмбебап дүкені» сауда үйінің басшылығы жалға алушыларды төлемдерден босату туралы шешім қабылданды. Бүгінде еңсерілмейтін күш жағдайы орын алды, сондықтан отандастарымыз, жерлестерімізге көмек қолын созуымыз керек», – деді Мәлік Күлтеміров.

 Әкімшіліктің бұл шешіміне сауда үйінде бутик жалдаушылары ризашылық білдірді.

 «Осындай қиын қыстауда әкімшілік қабылдаған шешім құрметке лайық. Бүгін қызметін мәжбүрлеп тоқтатқан біздер үшін бұл үлкен қолдау мен демеу», – деді жалға алушылардың атынан жеке кәсіпкер Светлана Шемякина.

Бұл бастаманы «SATTI» сауда үйі де қолдап кетті. Сауда үйінің жалпы ауданы – 2 600 ш.м, сауда ауданы – 1 600 ш.м.

 «Сауда үйі қызметіне шектеу қойылған кезеңде жалға алу төлемінен босату туралы шешім орынды. Сауда үйі жабық, жалға алушылардан жалға алу құнын талап ету дұрыс емес. Мен жалға беруші ретінде олардың алдында міндетімді орындамадым. Ал жалдау құнын алып жатқандарды түсінбеймін, осындай кезеңде басқалардан ақша өндіруге болмайды. Басқа әріптестерім де бұл бастаманы қолдайды деп ойлаймын», – деді «SATTI» сауда үйінің директоры Бөркен Какпенов.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ұлттық экономиканы қолдау» тапсырмасы шеңберінде Өңірлік палата қызмет көрсету және сауда саласында мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыс тобын құрды. Оның құрамына ӨКП, Өңірлік кеңес, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі, Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері, әкімдік, облыс прокуратурасы, мемлекеттік кірістер департаменті, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің қызметкерлері, «Nur Otan», екінші деңгейлі банктер, БАҚ өкілдері кіреді.

 «Атамекен» ҰКП колл-орталығы 1432 , WhatsApp: +7 778 870 1432.

Ақмола облысы ӨКП Жедел штабы +7 7017987447 +7 705 533 7903 +7 701 798 7488 +7 7027978037 эл.пошта: kokshetau@atameken.kz  

Барлық қажетті ақпаратты «Атамекен» ҰКП сайтынан ала аласыздар https://atameken.kz/. Бұдан бөлек Телеграмда форс-мажор, ТЖ мәселелері бойынша бот @atameken_certificate_bot, несиелерге қатысты қолдау шаралара бойынша бот @Atameken_finance_bot жұмыс істейді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер