«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында кафелер мен мейрамханалар жұмысын іске қосты

2020 жылғы 20 Мамыр
- Ақмола облысы
35225 просмотров

Ақмола облысында бас санитарлық дәрігер А.Мұсинаның кезекті қаулысы шықты. Құжатқа сәйкес бүгіннен бастап қоғамдық тамақтану объектілері жұмысын бастады

Бүгіннен бастап өңірде кафе мен мейрамханалар өз жұмысын жаңартады. Әзірге 30 адамға дейін, жұмыс уақыты сағат 22:00-ге дейін рұқсат берілген. Осылайша жазғы алаңдар ашылды. Алайда Целиноград ауданына қарасты Қосшы және Талапкер ауылдарындағы тыйым алынған жоқ.

Қосымша білім беру орталықтары іске қосылды, бір топта 10 адамға дейін рұқсат етілген. Бұдан бөлек, фитнес орталықтары, тренажер залдарында санитарлық нормаларды ұстанумен жекелеген жаттығу жұмыстарын жүргізуге рұқсат берілді (Қосшы мен Талапкер ауылдары тізімге кірмейді).

 25 мамырдан бастап облыс ішінде автобус маршруттарын іске қосады, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, станциялар ашылады (Целиноград ауданы есептелмейді).

 Жалпы, рұқсат етілген қызмет түрлері сол қалпында, тізім мына сілтемеде:  https://atameken.kz/ru/news/36038-v-akmolinskoj-oblasti-prodlili-karantin), олардың жұмыс кестесі өзгерді.

Азық-түлік, тұрмыстық химия және гигиена заттарын сататын сауда объектілері енді сағат: 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады.

 Азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар – сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін. 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түліктік емес жүкендер сағат 19:00-ге дейін (Қосшы мен Талапкер ауылдары тізімге кірмейді).

 Автосалондар, автобөлшектер дүкені сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін. Дөңгелек жөндеу, май ауыстыру, ТЖО, көлік жуу, газ жабдығын қондыру  қызметі – алдын ала жазылумен 9:00-ден 20:00-ге дейін.

 Қоғамдық моншалар мен сауналар 8:00-ден 22:00-ге дейін (сыйымдылығы 20 адамнан артық емес (Қосшы мен Талапкер ауылдары тізімге кірмейді).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер