«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Бастау» – кәсіп ашуға негіз

2020 жылғы 26 Қазан
- Ақмола облысы
48537 просмотров

«Бастау» жобасы өңірде кәсіпкерліктің дамуына белсенді ықпал етуде. Биыл Ақмола облысында «Бастау» жобасының 1370 түлегі бизнес бастауға жолдама алды, соның ішінде 362 адам жобаларын іске асырды. Бағдарлама бойынша оқудың 4 жылы ішінде 8 мың ақмолалық курсқа қатысты, 4 мыңға жуығы кәсіп ашты.

 Арман Жүсіпов «Бастау-2020» түлегі. Бастауыш кәсіпкер Ақсу ауылының тұрғыны. Жобаға дейін Арманның өмірі автомобильдерге қатысты болды, алдымен хобби ретінде, кейін жөңдеу жұмыстарына кірісті. «Бастау» жобасын сәтті аяқтаған соң Арман Жүсіпов өз идясын іске асырып, туған ауылында дөңгелек жөндеу орталығын ашты.  Ары қарай кәсіпкер «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында толыққанды техникалық жөндеу орталығын ашуды жоспарлауда.

 Елена Горбунова, Қарағандыдан Макинск қаласына көшіп келіп, көп уақыт бойы жұмыссыз болған. Жақсы жұмыс табылмаған соң жеке кәсіп ашуды қолға алды. Бірақ қажетті білімсіз көпке ұзамайсың. Ол «Бастау» жобасы туралы естіп, курстарға жазылды. 2019 жылдың қазан айында келіншек кәсіпкерлік негіздеріне оқып, бір айдан соң тұшпара дайындау шағын цехын ашты.

 Келесі жылы Елена кәсіпті кеңейтпек болды. Кәсіпкер жеңілдікпен несие рәсімдеп, азық-түлік дүкенін ашты, онда өзі өндіретін өнімді сатады. Дүкен ассортименті сан алуан. Азық-түлік өнімдерін Еленаның әріптестері, «Бастау» түлектері жеткізеді.

 Аршалы ауданы Анар станциясының тұрғыны Надежда Лищенко да «Бастауға» қатысты. Жобаны аяқтаған соң Надежда ауылда полиграфиялық өнімдер дүкенін ашты. Қажетті жабдық сатып алып, фотосурет, құжаттар көшірмесін басып шығару, сканерлеу, ламинаттау қызметін көрсетеді. Сондай-ақ кеңсе заттары да сатылымға қойылған.

 Надежданың айтуынша, «Бастау» жеке кәсіп ашуға түрткі болды. Ол қажетті білімді игеріп, қайтарымсыз грантты иеленді, ауыл тұрғындары тарапынан қолдау тапты.

 Еске салсақ, биыл карантиндік шаралар салдарынан оқу «Atameken Academy» онлайн-платформасы арқылы қашықтан өтті.

 «Шектеулерге қарамастан «Бастау» жобасының төрт легі қорытындысы бойынша 1368 адам оқуға қатысты, соның ішінде 889 адам – жұмыссыз, 497 адам – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 362 адам 313 млн теңге сомасында  жобаларын іске асырды», – деді ӨКП қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Анар Саниева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер