«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнеске салықтық және бухгалтерлік сүйемелдеу жүргізеді

2021 жылғы 01 Наурыз
- Ақтөбе облысы
6690 просмотров

Жыл басынан бері кәсіпкерлер палатасына 200-ден астам кәсіпкер салық салу және бухгалтерлік қызметті реттейтін заңнама мәселелері бойынша жүгінді. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Ерлан Сейловтың айтуынша, салықтық және статистикалық есептерді дайындау қызметтері аса сұранысқа ие.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер Палатасының КҚКО офлайн режимінде бухгалтерия мен салық салудың 7 бағыты бойынша қызмет алуға болады.

Бұл:

- салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама мәселелері бойынша кеңес беру;

- бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті аударымдарды есептеу мәселелері бойынша кеңес беру;

- бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кеңес;

- салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша кеңес;

- "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс бойынша кеңес беру»;

- бөгде ұйымдар үшін Қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультация;

- салықтық және статистикалық есептерді дайындау.

"Көбінесе салықтық заңнама және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама мәселелері бойынша кеңес алуға, сондай-ақ салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша, онлайн кассалық аппаратты және электрондық шот-фактураның ақпараттық жүйесін тіркеу бойынша кеңес алады. Бұған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, салық салу режимін таңдау және салықты төлеу, салық есептілігі нысандары және таңдалған салық салу режимі бойынша толтыру ережелері кіреді. Сондай - ақ, таңдалған салық салу режимі бойынша шекті кіріс, оларды тапсыру мерзімі және қандай жағдайларда ҚҚС-та есепке тұру керек және ол үшін қандай есептер жіберу керек" - дейді бухгалтерлік және салықтық есеп мәселелері жөніндегі менеджер-кеңесші Ерлан Сейілов.

Өткен жылы оларға офлайн режимде 231 қызмет, сондай-ақ онлайн режимде 150 қызмет көрсетілді. Барлығы 381 қызмет. Жыл басынан бері Ерлан Сейловқа 230 кәсіпкер жүгінді, оның ішінде бір қызмет портал арқылы онлайн көрсетілді https://g4b.kz/ .

Егер онлайн портал бойынша нақтылайтын болсақ, онда кәсіпкер бухгалтерия мен салық салу бойынша қызметтің 4 түрін кеңседен немесе үйден шықпай-ақ ала алады.

Бұл:

- салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама мәселелері бойынша кеңес беру;

- бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа аударымдарды есептеу мәселелері бойынша кеңес беру;

- бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша кеңес;

- салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша кеңес.

Қызметті онлайн режимінде өз бетінше алу мүмкіндігі жоқ адамдар үшін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді.

Алайда, үш қызмет түрін, атап айтқанда маркетингтік, бухгалтерлік және салықтық қызметтерді ұсыну кезінде кеңесшілерсіз мүмкін емес.

КҚКО кеңесшілерімен келесі нөмірлер бойынша байланысуға болады:

  • Бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты мәселелер бойынша менеджер – кеңесші - Ерлан Өміржанұлы Сейілов, телефон нөмірі: 8 (7132) 744 616, E-mail: e.seilov82@gmail.com
  • Бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты мәселелер бойынша менеджер – кеңесші - Аймағамбетов Нұрсұлтан Александрович, телефон нөмірі: 8 (7132) 744 616, е-mail: nursik092@gmail.com
  • Маркетинг қызметтері бойынша менеджер-кеңесші (бизнес-жоспарлар құру) – Жаржанова Айгүл Асанқызы. Телефон нөмірі: 8 (7132) 744 615, E - mail: aigul84zh@gmail.com
  • Маркетинг қызметтері бойынша менеджер-кеңесші (бизнес-жоспарлар құру) – Смамутова Динара Баяновна, телефон нөмірі: 8 (7132) 744 615, е-mail: dd3900871@gmail.com
  • Заң қызметтерін көрсету жөніндегі менеджер-кеңесші - Ақберген Дина Оразғалиқызы, телефон нөмірі: 8 (7132) 744 616, E-mail: akbergendina17@gmail.com
  • Мемлекеттік сатып алуға байланысты қызметтерді ұсыну жөніндегі менеджер-кеңесші - Құспан Азамат Орынбасарұлы, телефон нөмірі: 8 (7132) 744 616, E-mail: azamat.kuspan55@gmail.com

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалдарында кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша кеңестер беріледі.

Анықтамателефондары: 8 (7132) 74-46-16, 74-46-15.

Сall-Center-1432

Сервистік қолдау экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер