«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда 12 жасар бала әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысады

2021 жылғы 05 Мамыр
- Ақмола облысы
33429 просмотров

Туа бітті физикалық кемшілік – маймақтықты жеңіп шыққан Заурбек Яндиев эквиноварусты деформациясына шалдыққан басқа да науқас балаларға көмектесуге бел буды.

 Балалық шақтағы түрлі естеліктер жас жігітті еріксіз өткенге оралтады. Бірнеше күрделі ота, ұзақ жылдарға созылған оңалту процесі, бәрі есінде.

 «Маймақ» болудың қандай қиын екенін білемін. Сондықтан қиын жағдайға қалған балаларға көмектескім келеді, олар ауру не екенін білмесе екен деймін. Келешекте компаниямды «Қорықпа, мен сенімен біргемін» деп атағым келеді», – дейді жас кәсіпкер.

 Әлеуметтік кәсіпорын құру идеясы кездейсоқ құрылған жоқ.  Алдымен дәрігерлік туралы арман болды, кейін жеке кәсіп ашу керек деген нақты ой пісті. Өткен жылдан бастап Зауырбек имидждік кәдесый өнімін шығарады – фототастар, кружкалар, тарелкалар, футболкалар, магниттерге сурет салады.  

Бастапқы кезеңде ата-анасы көмектесті, олардың қолдауынсыз болмайды. Кәсіпкер термопресс, сублимациялық басып шығаруға арналған принтер, шығын материалдарын сатып алды. Айтпақшы, фототастар табиғи тақтастан әсерлі көрінеді екен.

Заурбек өндіріс технологиясы жайында бәрін біледі, басып шығарғаннан кейін сурет өнімнің өзіне тікелей қолданылады, содан кейін ол жылу престерінің астына қойылады да 190 градус температурада ұсталады. Жас кәсіпкердің өз командасы бар: бауырлары Қазбек пен Адам, әпкесі Элита. Әпкесі кейде дизайнер қызметін де алып жүреді.  

 Бастапқы тапсырыстар аз болды, кейін № 5 «Тандау» мектеп гимназиясының ата-аналар комитеті бірден 20 кружкаға тапсырыс берген. Зәуірбектің нағыз әлеуметтік серіктестері бар. Олардың қатарында танымал меценаттар – «Агросоюз Сервис» ЖШС директоры Шалва Джахуташвили, «Сандықтау» ЖШС басшысы Жамул Мусханов бар.

 Осы уақытта Заурбек 100-ден астам кәдесый сатты. Осы қаражатты ол ерекше балаларға жұмсайды. Кенесары ауылының тұрғыны науқас Бақтияр Беспайға ортопедиялық аяқ киім сыйлады. Сал ауруына шалдыққан Артем Бондаренкоға көмектесті. Табыстың бір бөлігін кәсіпті кеңейтуға жұмсайды.

 Кәсіпкер қазіргі таңда әлеуметтік серіктестерді іздеуде.

 «Мектеп партасынан бастап кәсіпкерлікке араласып жатқан балалар саны артып келеді. Заурбек Яндиев әлеуеті жоғары бала. Мен бизнес-қоғамдастықты жас кәсіпкерді қолдауға шақырамын, оған қаржылық көмектен бөлек, білікті тәлімгердің қолдауы керек», – деді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Камал Жаналинова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер