«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында Ashyq жобасын шамамен 300 нысан пайдаланады

2021 жылғы 01 Маусым
- Ақмола облысы
27302 просмотров

Ақмола облысында бір айдан астам уақыттан бері нысандарда Ashyq жобасы іске қосыла бастады. 17 сәуірде жоба Көкшетау мен Степногорск қалаларында сынақ режимінде қосылып, бір аптадан кейін Ashyq-ты басқа елді мекендер  игере бастады.

Бүгінгі күні облыста 300-ге жуық нысан цифрлық өнімді қолданады. Сынақ режимде қосымшаны 17 ұйым пайдаланады, QR-кодын алуға тағы 62 өтінім келіп түсті.

 Қосымшаны пайдасын түсінген мейрамханалар мен кафелер оны белсенді енгізуде, қазіргі кезде 225 қоғамдық нысан Ashyq жобасымен жұмыс істейді. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес енді мобильді қосымшаны қосқан қоғамдық тамақтану нысандарында 30 адамнан аспайтын мөлшерде ас, еске алу іс-шараларын өткізуге рұқсат етілген. Бұл нысандар сағат 07:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істей алады. Ал қосымшасыз қызмет ететін нысандарға сағат 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.

 Бір жылдан астам уақыт бойы компьютерлік клубтар, бильярд, караоке жұмыс істей алмады. Қазіргі уақытта осы саланың 10-нан астам нысанына қауіпсіз қызмет үшін жағдай жасау  арқылы қайтадан жұмыс істеуге мүмкіндік берілген.

Жоба мәдени шараларды қашықтан емес, барып көруге жол ашты. Облыста 8 мәдениет нысаны, оның ішінде театрлар, филармония, концерт залдары, көрмелер көптен күткен көрермендер үшін есігін айқара ашты. Жобаға мемлекеттік мекемелер де қосылып жатыр.

 Ashyq қосымшасын енгізу – қоағмдық нысандарға коронавирус індетінің таралауына жол бермеу. Бизнес шектеу шараларсыз жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Ashyq қосымшасын пайдаланатын нысандарда жұмысты шектеудің мынадай өлшемшарттары қолданылады: егер өңір «қызыл аймақта» болса, объектілер «сары» аймаққа сәйкес жұмыс істейді, егер өңір «сары аймақта» болса, нысандар «жасыл аймақтың» шарттары бойынша жұмыс істей алады.

Тұтастай алғанда, Ақмола облысында енгізіліп жатқан цифрлық өнім өз тиімділігін көрсетті. Мәселен «карантиндік» статусы бар адамдардың қоғамдық орындарға кіруге тырысқан 18 фактісі («сары» статуспен 11 адам, «қызыл» статуспен 7 адам) анықталды.

 «Мобильді қосымшаға қосылған нысан келушілерді check-in бойынша 3 күн бойы тексермейтін болса, онда бұл жайт қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзу болып саналады. Мониторинг тобы осындай фактілерді анықтаса, онда нысанды жобадан ең кемі 2 аптаға шеттетеді, бұзушылықтар қайталанатын болса, онда нысан тағы 2 айға шеттеттіледі», – дейді ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер