«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында Аshyq жобасына сауда үйлері қосылып жатыр

2021 жылғы 28 Шілде
- Ақмола облысы
22552 просмотров

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында сауда үйлері өкілдерімен Аshyq жобасына қосылуға қатысты кездесу өтті

 Пандемия жағдайында, әсіресе өңірдегі эпидахуалға байланысты Аshyq жобасын пайдалану – өзіңізді, айналаңыздағы адамдарды коронавирустық инфекцияның таралуынан қорғаудың бірден бір жолы, сонымен қатар кәсіпті сақтап қалудың мүмкіндігі.

Еске салсақ,  Ashyq қосымшасын енгізу мақсаты – инфекцияны жұқтырған немесе науқас адамның жанныда болған адамдардың көпшілік жиналатын орындардан алыстату, шағын және орта бизнеске азаматтарды қауіпсіздігін сақтай отырып, жұмыс істеу мүмкіндігі. Қосымша QR-код пайдалану және ПТР жалпы базасын біріктіру арқылы келушінің статусын анықтауға көмектеседі, яғни бизнес-субъектісі қолданыстағы санитарлық нормалармен қатар қосымша қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етеді.

 «Пандемия өршіп тұрғанда кәсіпкерлердің Аshyq жобасына қатысу дұрыс шешім деп санаймыз. Өйткені сауда үйлері, сауда ойын-сауық орталығына көп адам келеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, өңір аумағында Ashyq енгізуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Жоба Сіздің ерікті ретінде қатысуыңызды қарастырады, уақыт өте келе қосымшаны адал және белсенді пайдалану шартымен сіздің кәсібіңіз үшін жеңілдіктер қарастырылатын болады», – деп атап өтті ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

 Қазіргі кезде қосымша Көкшетаудың екі ірі сауда орны – «РИО» мен «ЦУМ» орталықтарында сыналып жатыр. «Сәтті» сауда үйі де жобаға қатысуға ниетті. Тұтастай алғанда Аshyq бағдарламасы облыстың 660 нысанында әрекет етеді, 760-ы оған қатысуға өтінім берді, 70-і қарауда. Бұл негізінен қоғамдық тамақтану объектілері (430-дан астам) және ерікті қатысушылар (120). 21 нысан жобаның лидерлері болып анықталды, олар келушілерді тіркеу бойынша үлкен көрсеткіштерге қол жеткізген. Келушілерді мүлде тіркемеген 8 қатысушы жобадан 2 аптаға шығарылды.

Қосымша енгізілгелі бері өңірде карантинді бұзған 322 адам анықталды, соның ішінде 163 адам «қызыл» статуспен, 159 адам «сары» статуспен тіркелген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер