«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ААӨҚ-ның жұмысына наразы болған автотасымалдаушылардың проблемалық мәселесі шешілді

2023 жылғы 24 Қаңтар
- Ақмола облысы
7858 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының көмегімен арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының (ААӨҚ) дұрыс көрсетілмегеніне ашуланған автотасымалдаушылардың проблемалық мәселесі шешілді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін тасымалдаушылардың көптеген шағымдары Ақмола облысының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңесінің шұғыл отырысын шақыруға себеп болған болатын. Оған облыс әкімінің орынбасары Елдос Рамазанов, облыс прокуратурасының, Көкшетау көлік прокуратурасының, көліктік бақылау облыстық инспекциясының, «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ және басқа да мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының атына арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша тасымалдаумен айналысатын ашуланған кәсіпкерлерден 18 жазбаша өтініш, ондаған қоңыраулар келіп түсті. Атап айтқанда, Көкшетау қаласында 291 километр учаскеде орналасқан ААӨҚ 2022 жылғы 16-23 желтоқсан аралығында жүк автомобильдерінің өтуі кезінде салмақ параметрлерінің бірнеше есе артқанын көрсетті.

209 тасымалдаушы «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ-дан осы мәселе бойынша хабарлама алды. Сонымен қатар, ҚазАвтоЖол өкілдері тасымалдаушыларды құқық бұзушылық жасау мән-жайларын анықтау немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясына келуге міндеттеді. 49 хаттама жасалды.

Тасымалдаушылар мұндай әрекеттерге ашуланып, үрейленді, әкімшілік жауапкершілікке тарту оларға мыңдаған айыппұлдармен қауіп төндірді. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері, олардың пікірінше, дұрыс емес. Тасымалданатын жүкке арналған құжаттар (көрсетілген салмағы мен пломбасы бар тауар-көлік жүкқұжаты және т.б.) тиісті түрде ресімделді, GPS жүйесі орнатылды. Сонымен қатар, ААӨҚ автокөлік құралдары бос жүргенде де салмақ параметрлерінің асып кетуін тіркеді.

Жарыссөз барысында Кеңес мүшелері бейінді ведомстволарға тиісті ұсыныстар берді. Елдос Рамазанов оларға осы мәселені бақылауға алуды және кәсіпкерлерге оңтайлы мерзімде жауап беруді тапсырды.

Нәтижесінде, бір күн бұрын Өңірлік палатаның атына «ҚазАвтоЖол «ҰК» АҚ-дан ААӨҚ-ның көрсеткіштері бойынша хабарламаларды кері қайтарып алу туралы ресми хат келді.

«Бірлескен және үйлесімді жұмыстың арқасында бұл мәселені реттеуге мүмкіндік туды. ҚазАвтоЖол 209 автотасымалдаушыға жіберілген ААӨҚ көрсеткіштері бойынша хабарламалардың кері қайтарылғаны туралы ресми түрде хабарлады. Яғни, Мен бұрын айтқанымдай: бұл мән - жайлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайды, барлық әкімшілік материалдар Кодексте көзделген тәртіппен тоқтатылуға жатады», - деп атап өтті ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер