«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бурабайда «Drive NOMAD FEST-2023» фестивалі өтті

2023 жылғы 25 Шілде
- Ақмола облысы
12366 просмотров

Бурабайда үш күндік «Drive Nomad Fest» кемпингтік туризм, керуен және автотуризм фестивалі өтті. Іс-шараның бастамашысы облыс әкімдігінің, Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қолдауымен қазақстандық кемпингтік туризм және Керуен қауымдастығы болды.

Фестиваль Ақылбай ауылының маңындағы Кіші Чебачье көлінің жанында орналасқан. Іс-шараға Қазақстанның әр өңірінен, Ресейден 30-ға жуық автотұрақтар қатысты. Сондай-ақ, фестивальге Кемпингтер, глампингтер, автотуризм тауарларын өндірушілер, туристік клубтар мен қауымдастықтар, блогерлер, мемлекеттік органдар және басқа да қоғамдық ұйымдар қатысты.

«2015 жылдан бастап біздің қауымдастық Қазақстанда глампингтер, кемпингтер, автотуризм, керуен сияқты туризм түрлерін ілгерілетумен және дамытумен айналысады. Аталған іс-шараның мақсаты- қазақстандықтарды туған елі бойынша саяхаттауға тарту, жыл сайынғы фестиваль құру және Қазақстанның автотуристері мен керуеншілерін, инфрақұрылым өндірушілері мен иелерін және нарықтың басқа да қатысушыларын біріктіру. Біз пікірлестер коалициясын құруға, осы синергияның арқасында еліміздегі туризмді одан да қызықты, қолжетімді және жайлы ету үшін күш - жігерімізді біріктіруге тырысамыз», - дейді «Қазақстандық кемпингтік туризм және керуен қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің төрағасы Баян Шапағатова.

 

Үш күндік бағдарлама барысында автотуризм, кемпингтік туризм және керуен нарығына қатысушыларды қарсы алу, шеберлік сабақтар, байқаулар мен квесттер, концерт, суға түсу және тағы басқалар қарастырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальдің негізгі міндеті - автотуризм мен керуен кластерін құру, жалпы Қазақстанда осы саланы танымал ету.


«Бұл іс-шара Қазақстанның әдемі жабайы табиғатын өз көліктерімен зерттейтін жүргізушілер мен саяхатшыларды біріктірумен ерекше. Drive Nomad Fest тек Ақмола облысының ғана емес, бүкіл Қазақстанның туристік күнтізбесіндегі зәкірлік іс-шаралардың бірі болып табылады. Бұл бірегей оқиға барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырып, облыс аумағында ғана емес, жалпы еліміз бойынша да осындай бағыттағы туристік кластерді одан әрі дамыту үшін негіз қалағанына сенімдімін», - деп атап өтті Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер