«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

2023 жылғы 17 Тамыз
- Ақмола облысы
18607 просмотров

Ақмола шенеуніктері жер мәселесінде кәсіпкерлерге қатысты репрессиялық шараларды қолданады

Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жер пайдалану шарттарын жарамсыз деп тану туралы бизнес субъектілерінен келіп түскен өтініш көп. Өтініштер саны бойынша Көкшетау қаласы, Ақкөл, Целиноград аудандары, сондай-ақ Біржан сал ауданы көш бастап тұр. Мұндай фактілер Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында көтерілді.

«Мемлекеттік органдардың әрекетіне шағымдану тағы да жиілеп кетті. Жер ресурстарын басқару жөніндегі облыстық департамент мемлекеттік қызметшілер жер пайдалану құқығын беру кезінде жіберген рәсімдік бұзушылықтар бойынша талап-арыздарға бастамашылық жасайды. Бұл ретте шенеуніктердің қателіктері үшін ауыл шаруашылығы өндірушілеріне ақы төлеуге тура келетінін назарға алмайды. Егер бұрын Жер кодексінің 48-бабын бұза отырып, жер пайдалану шарттарын тану бойынша талап-арыздар түскен болса (аукциондар және/немесе конкурстар өткізуден тыс жерлерді беру-шамамен.), қазір өз уақытында конкурстарға қатысып, мәлімделген лоттарда жеңімпаз атанған, сатып алу шарттары бойынша жер сатып алған кәсіпкерлерден өтініштер келіп түсуде. Яғни, бұл бірнеше жыл бойы өз бизнесін құрған адал пайдаланушылар. Көптеген қожалықта мал саны 500 бастан асады, өз қаражатына немесе семлекеттік бағдарламалар арқылы сатып алынды, ауыл шаруашылығы техникасы, жабдықтар лизингке алынды, мал шаруашылығы базалары мен сүт-тауар фермалары салынды, жұмыс орындары құрылды», – дейді Кеңес төрайымы Валентина Геращенко. 

Мысалы, жақында Целиноград ауданының «Аdal meat company» ЖШС-мен процесс аяқталды. Кәсіпкер конкурсты 2020 жылдың наурыз айында жер учаскесін пайдалануға жалдау шартын жасасу арқылы жеңіп алды. Бірақ мал шаруашылығы базасының құрылысы аяқталғаннан кейін кенеттен жерді пайдалану шартын жарамсыз деп тану туралы талап туындады. Ең қызығы сот бұған дейін бұрын осы мемлекеттік орган жүргізген және ешқандай бұзушылықтар таппаған екі тексеруден кейін берілген. Прокуратура, сот және апелляциялық сатылар шартты жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандырып, кәсіпкердің жер алу құқығын соттан тыс қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Бұл ретте мемлекеттік органның барлық рәсімдік бұзушылықтарын заң өкілдері назардан тыс қалдырды.


Мұндай фактілер жеткілікті. Осындай жағдай, мысалы, Ақкөл ауданының «Бекқожа» шаруа қожалығымен болған.  Бірінші сатыдағы сот жайылымдары жетіспейтін тұрғындар тобының өтініші бойынша дәл осылай әрекет еткен жер ресурстарын басқару департаментінің талабын қанағаттандырды.

Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті өкілінің айтуынша, мәселе жайылымдардың жетіспеушілігінде жатыр.

«Жайылым тапшылығы – жаһандық мәселе. Бізге осы мәселе бойынша ауылдық елді мекендердің тұрғындарынан шағымдар келіп түседі. Сонымен қатар, прокуратура жер учаскелерін бөлудің заңсыздығына қатысты ұсыныстар шығарады, тексерулер жүргізіледі. Оның қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталады, соттар өз шешімдерін шығарады, бір сөзбен айтқанда, болып жатқан жағдайға құқықтық баға берілді», – деді Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаменті бөлімінің басшысы Рүстем Қалиев.

«Біз жайылымның шынымен жетіспейтініне келісеміз. Бірақ неге бұрынна жұмыс істеп келе жатқан кәсіпкердің бизнесін жою керек. Неліктен біздің шенеуніктер бизнеске залал тигізу, кәсібін заңсыз деп тануға болатындай жұмыс істейді?», – дейді Валентина Геращенко.

Сонымен қатар, кәсіпкердің бизнесі зардап шегеді, ол өзінің мүлкі және беделімен жауап береді, жұмысшылар еңбекақысынан айырылады, үлкен қаржылық қаражатқа сатып алынған, көбінесе несиеге алынған мал пышақтың астына түседі. Бұл ретте шенеуніктер жазасыз қалады.

«Фермерлердің құқықтық сенімсіздігі мен осалдығы туралы әсер бар. Мемлекет, мысалы, азық-түлік белдеуі сияқты тиісті бағдарламаларды әзірлейді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері өңірдің экономикасын дамытуға өз үлестерін қосуға дайын, өз қаражаттарын, күш-жігерін жерді нысаналы мақсатына қарай пайдалана отырып жұмсайды. Сонымен қатар, жер ресурстары департаменті өз функцияларын орындай отырып және ауыл шаруашылығы министрлігінің бөлімшесі бола отырып, бұған жол бермейді. Өкінішке қарайрай, бүгінде бұл мәселеде сенімділік жоқ, оған нүкте қою керек», – деп атап өтті өңірдегі танымал адвокат Жамал Жапарова.

Кеңес мүшелері индикаторларды анықтау бойынша ұсыныстармен шығуға ниетті. Соған сәйкес жер ресурстарын басқару департаменті сотқа талап қоюды бастау тәжірибесін тоқтатады. Атап айтқанда, кәсіпкерлік субъектілері материалдық активтер салған жер учаскелеріне, олардың мал шаруашылығын/өндірісті дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына, жер учаскелерін толық және (немесе) ішінара игеруіне, егін жинау және егіс науқандарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударған жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер