«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында іскер әйелдер марапатталды

2024 жылғы 05 Наурыз
- Ақмола облысы
12142 просмотров

8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында іскер әйелдер кеңесінің мүшелері марапатталды.

Ақмола облысында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту үшін қажетті жағдай жасалған. Бүгінде Ақмола әйелдері шағын және орта бизнесте белсенді. Өңірде 56 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъекті жұмыс істейді, олардың жартысына жуығын әйелдер басқарады.

«Сіздер отбасын ұйытып, балаларды тәрбиелеп қана қоймай, түрлі салалар мен бағыттарда табысқа жетесіз. Кейінгі жылдары көптеген әйел ауыл шаруашылығы, құрылыс, мейрамхана және қонақ үй бизнесі, сұлулық индустриясы және басқа да салаларда өз орнын тапты», - деп атап өтті өңірлік палата директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Есске салсақ, 2015 жылы бүкіл ел бойынша, оның ішінде Ақмола облысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жанынан Іскер әйелдер кеңесі құрылды. Статистика көрсеткендей: кәсіпкер әйелдердің саны тұрақты түрде өсіп келеді және нақты қолдау көрсете алатын мақсатты, іске асырылған, әлеуметтік белсенді іскер әйелдердің шоғырлануы уақыттың талабына айналды.
Бүгінде Ақмола іскер әйелдер кеңесінің мүшелері тұрақты негізде түрлі іс-шаралар өткізеді, ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге көмек көрсетеді, әйелдерді әлеуметтік және өмірлік бағдарларда қолдайды. Әсіресе ауылдық жерлердегі әйелдерге қолдау қажет, өйткені шалғайдағы ауылдар мен аудандарда  дамуға мүмкіндік жеткіліксіз. Өңірлік палата мамандарымен бірлесіп олар облыстың барлық өңірінде көшпелі кездесулер өткізеді. Сапардың мақсаты – кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерді тарту, стартаптар бойынша кеңес беру, бизнесті несиелеу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер