«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмолалық косметологтар лицензия алудың қиындығына шағымданды

2024 жылғы 20 Наурыз
- Ақмола облысы
14594 просмотров

Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының салалық білім және денсаулық сақтау кеңесінің кезекті отырысы барысында косметологиялық бизнес өкілдерінің түйткілді мәселесі қаралды.

Талқылауға дерматокосметология саласындағы шағын бизнес өкілдерінің лицензия алу қиындығы жайында шағымдануы себеп болды. Косметологиялық клиникалар мен кабинеттердің иелері дерматокосметология мен дерматовенерологияны бөлудің болмауына байланысты медициналық қызметке лицензия ала алмайды. Сонымен қатар, жеке амбулаториялық кабинеттер үшін міндетті жабдықтардың жеке тізімі жоқ.
Өңірлік палатаның сарапшылары ДСМ медициналық фармацевтикалық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіне сұрау салды. Оның негізінде 2020-2023 жылдар аралығында өңірде дерматовенерология (дерматокосметология) кіші түріне медициналық қызметке лицензиялар берілмегені анықталды.

«Біз бүгінгі таңда еліміздегі косметология көлеңкелі бизнес қатарында және заңнамамен нақты реттелмейді деген қорытындыға келе отырып, жағдайды зерттедік. "ҚР-да дерматовенерологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы" Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №43 бұйрығында көрсетілген жабдықтар тізбесіне қойылатын талаптарды жеке кабинеттер үшін асыра бағаланған деп санаймыз. Шағын қалалар мен кенттердегі кәсіпкерлерге жарақтандыру жөніндегі бұйрықтың талаптарын орындау мүмкін емес, өйткені тізбеде тері-венерологиялық диспансердің стационарлық қызметі көзделеді. Ол сондай - ақ зертхананы және құны ондаған миллион теңгеден асатын өте қымбат жабдықты сатып алуды қамтиды», - дейді ӨКП директорының орынбасары Расул Сыздықов.

Шынында да, ӨКП-ға жүгінген кәсіпкерлердің практикалық тәжірибесі және косметологиядағы рәсімдердің белгілі бір түрлеріне сұраныс және осы саладағы технологиялар сияқты үнемі жетілдіріліп, жаңартылып отыратын қандай да бір жабдықтың болуы қажеттілігі туралы нақты түсінігі бар. Сонымен қатар, дерматокосметолог негізінен медициналық инъекциялық препараттармен жұмыс істейді және науқастың дерматологиялық қабылдауын жүргізеді.

«Бұл сала біздің заң шығармашылығымызда жеке қарауды талап етеді. Осыған байланысты жеке дерматологиялық кабинеттерді жарақтандыру бөлігінде заңнаманың талаптарына өзгерістер енгізу, дерматокосметолог-дәрігерлерге арналған міндетті жабдықтардың ұсынылған тізімін қайта қарау қажет», - деп толықтырды Расул Сыздықов.

Облыстық медициналық фармакологиялық бақылау департаментінің өкілдері өңірлік палата сарапшыларының дәлелдерімен келісті. ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Ақмола облысы бойынша департаментінің медициналық қызметті лицензиялау бөлімінің басшысы Анар Тезекбаева ведомство косметология саласындағы лицензиялау кезінде стандартты қайта қарауға қатысты комитетке хат жолдағанын атап өтті.

Отырыс барысында осы жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды таңбалауды енгізу туралы мәселелер де қаралды. Жеке дәріхана ұйымдары тарапынан қажетті жабдықтарға, есепке алу жүйелерін интеграциялауға, соңғы тұтынушыға дәрілік заттарды есептен шығаруға және т. б. қатысты сұрақтар айтылды. Сонымен қатар, Әлеуметтік кодекс шеңберіндегі әлеуметтік саладағы өзгерістер талқыланды.

Кездесуді қорытындылай келе, ӨКП директоры Ерқанат Мұсылманбек айтылған мәселелер мен ұсыныстар, атап айтқанда, жеке дерматологиялық кабинеттерді жарақтандыруға қатысты заңнамаға өзгерістер енгізу туралы Ұлттық палатаға жіберілетінін атап өтті. Оның пікірінше, кәсіпкерлік субъектілерін жүйелі салалық проблемаларды талқылауға тарту, олардың әртүрлі бастамаларды ұсынуы тұтастай алғанда өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер