«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері талқыланды

2024 жылғы 25 Сәуір
- Ақмола облысы
10545 просмотров

Кездесуге кәсіподақ ұйымдары, салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіпорын басшылары қатысты.

Мамандардың бағалауы бойынша, қазіргі кезде өндірістік жарақаттанудың жалпы деңгейінің төмендеуі аясында елдегі еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйін қанағаттанарлық деп санауға болмайды. Мысалы, кейінгі үш жылда Ақмола облысында өндірісте 137 жазатайым оқиға тіркелді, оның ішінде 37-сі өліммен аяқталды.
Кәсіптік тәуекелдер дәрежесі жоғары болып тұр, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жұмыс орындарының саны артып келеді, тау-кен металлургия, агроөнеркәсіп кешендерінде, құрылыс саласында жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталған.


«Жыл ішінде жазатайым оқиғалардың өсуі байқалады. Соның шарықтауы 2023 жылға келеді және 51 жағдайды құрады. Салыстыру үшін, бұл көрсеткіш 2021 жылы – 36, 2022 жылы – 50 болды. 2023 жылы зардап шеккендердің саны - 54 адам болды. Жазатайым оқиғалардың ең көп саны тау-кен өндіру, тау-кен металлургия өнеркәсібінде - 25, ауыл шаруашылығында – 24, энергетика саласында – 13 және құрылыс саласында – 7. Бұл ретте 137 жағдайда тек 49 кәсіпорында кәсіподақ ұйымдары бар, тиісінше, аталған кәсіпорындарда өндірістік кеңестер құрылмаған және техникалық инспекторлар жоқ», - деп атап өтті Өңірлік кәсіподақ орталығының еңбекті қорғау жөніндегі бас маманы Болат Жүпинов.


2024-2026 жылдарға арналған Ақмола облысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі «Қауіпсіз еңбек» бағдарламасының таныстырылымы барысында» спикер өндірістік жарақаттану деңгейі жұмыс орнындағы қауіпсіз жағдайларды бағалаудың негізгі индикаторларының бірі екенін айтты. Оның айтуынша, тозған жабдық, ескірген технологиялар және өндірістік процестерді уақтылы ауыстырудың болмауына байланысты жазатайым оқиғалардың пайда болу үрдісі бар. Қазіргі кезде ауыстыруды талап ететін өндірістің негізгі құралдарының үлесі өңдеу өнеркәсібінде 40%-ға, көмір саласында – 60%-ға, энергетика саласында – 70%-ға жетеді. Сонымен қатар, көмір зауыттары, орман шаруашылықтарындағы техногендік оқиғалар жауапты адамдардың олардың салдарын тиімді және қауіпсіз түрде жоя алмайтынын көрсететін бірқатар проблеманы қайта ашты.

Кездесуге қатысушылар қауіпсіз еңбек жағдайларын арттыру мәселелерін талқылады. Жарақат алу қаупі бойынша жұмыс орындарын аттестаттау қызметкерге ең қауіпсіз жағдайды таңдауға мүмкіндік беретін шаралардың бірі болып табылады. Сондай-ақ өндірісте техникалық инспекторды енгізу мүмкіндігі қарастырылды, ол басшы мен ұжым арасындағы байланыстырушы буын болуы керек. Айта кетейік, әртүрлі кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасының талаптары мен қажетті шаралар кешені салалық ерекшеліктерге байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.

«Екі жыл қатарынан кәсіпкерлер палатасының алаңында біз еңбекті қорғау және еңбек заңнамасындағы өзгерістер мәселелері бойынша семинарлар өткіземіз. Бүгінгі таңда ұжымдық шарттардың үлесі барлық тіркелген кәсіпкерлердің 10%-ды құрайды. Келесі жылы бұл көрсеткішті 20%-ға, 2026 жылы 30%-ға дейін арттыру жоспарланған. Сонымен қатар, біз өлімге әкелетін жазатайым оқиғалардың үлесін азайтуымыз керек. Шаралар кәсіпкерлермен түсіндіру кездесулерінен бастап, барлық шаралар кешеніне дейін әр түрлі болуы керек. Бүгінгі таңда серіктестерімізбен жол картасы әзірленді, оның аясында біз белгілі бір қадамдарды жүзеге асырып жатырмыз», - дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Мариям Әбішева.

Облыстық басқарма басшысының еңбек инспекциясы жөніндегі орынбасары уакыт Бейсембаевтың пікірінше, өндірістік жарақат алу проблемасы кез келген меншік нысанындағы және ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар үшін өзекті.


«Еңбек міндеттерін орындау кезіндегі жазатайым оқиға – еңбек инспекциясы, өрт сөндіру қызметі сияқты бірқатар тексеруші органның тексеру тәуекелі. Мұндай проблемаларды болдырмау үшін қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру қажет», - деп санайды ведомство өкілі.


«Тақырып өте өзекті. Дүние жүзінде жыл сайын өндірісте шамамен 340 миллион жазатайым оқиға тіркеледі. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелері, ең алдымен, жұмыс берушілер үшін маңызды мәселелердің бірі. Сондықтан біз тиісті ұйымдармен бірлесіп, кәсіпорын басшыларына еңбекті қорғау жөніндегі іс-шараларды өткізу, қызметкерлердің жарақаттануын болдырмау үшін оларды мүлтіксіз сақтау, жазатайым оқиға немесе апат болуы мүмкін жағдайларды болдырмау қажеттігін талқылау және жеткізу үшін осы кездесуді өткізуді ұйғардық», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер