«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен бизнес субъектілеріне келтірілген залалды өтеу бойынша төлем жасала бастады

2024 жылғы 06 Маусым
- Ақмола облысы
7256 просмотров

2024 жылғы су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік шығындардың өтемақысын айқындау жөніндегі өңірлік комиссияның шешімімен Астрахан ауданы Қоғамдық қорының қаражатынан келтірілген залалды өтеуге өтінім мақұлданды.


Алғашқы төлемді Астрахан ауданы Старый Колутон ауылынан келген жеке кәсіпкер Сайран Есеева алды. Қоғамдық қордың қаражатынан кәсіпкерге 430 723 теңге өтелді. Бұл сомаға бүлінген мүлік үшін өтемақы (360 723 тг), сондай-ақ техникалық сарапшылардың бағалау қызметтеріне ақы төлеу (70 000 тг) кіреді. Сайран Есеева сауда қызметімен айналысады, дүкені бар. Су тасқыны кезінде кәсіпкерге тиесілі тауар қоймасы бүлінді. Аудан орталығынан су тасқыны салдарынан оқшауланып қалған ауылға қол жеткізу мүмкін болғаннан кейін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының Астрахан филиалының директоры Асхат Бейсенбенов зардап шеккен кәсіпкерге барды. Келтірілген залалды өтеу үшін құжаттарды ресімдеу алгоритмі бойынша кәсіпкерге түсініктемелер берілді, сүйемелдеу көрсетілді.

«Осы жылдың 10 мамырында аудандық залалды бағалау комиссиясының мүшелері көшпелі тексеру жүргізді. Соның нәтижесі бойынша жеке кәсіпкер зардап шеккен деп танылып, оған тиісті акт берілді. Өтемақы 3 маусымда өңірлік комиссияның мақұлдауынан кейін алынды», - деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Айта кетейік, белгілі меценаттар, ауыл шаруашылығы өндірушілері, ірі бизнес өкілдері кіретін Астрахан ауданындағы Қоғамдық қорының мүшелері бірауыздан Сайран Есееваға келтірілген залалды жедел түрде өтеу туралы шешім қабылдады.

«Мен Өңірлік палатаға, аудан әкімдігіне, қоғамдық қор мүшелеріне уақытылы көрсеткен көмегі мен баға жетпес қолдауы үшін рищшалығымды білдіремін», - дейді Сайран Көлбайқызы.

Еске салсақ, Ақмола облысында су тасқынынан 520 млн теңгеден астам сомаға шағын және орта кәсіпкерліктің 44 субъекті (оның 15-і АӨК саласынан) зардап шекті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер