«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмола облысында дәстүрлі Дала күні өтті

2024 жылғы 19 Шілде
- Ақмола облысы
5321 просмотров

18-19 шілде аралығында Ақкөл ауданының «Еңбек ЖШС-нің демонстрациялық алаңдарында «Қазақстан Дала күні «Jańa Dala/Green Day - 2024» дәстүрлі мамандандырылған көрме-демонстрациясы өтіп жатыр. Іс-шараға Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, Францияның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесс, Германияның ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Моника Иверсен, АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігінің шетелдік ауыл шаруашылығы қызметтерінің атташесі Лукас Блауштейн қатысты.

«Қазақстандық «Jana Dala/Green Day» Дала күні отандық агроөнеркәсіп кешеніндегі ең маңызды оқиғалардың қатарына кіреді. Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстандық «Expo Time» компаниясы. Дәстүр бойынша Дала күні Ақкөл ауданының «Еңбек» ЖШС-нің демонстрациялық алаңдарында өтеді. 2013 жылдан бастап елге танымал аграршы, Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Рақышев басқаратын компания органикалық егіншілікке арналған жерлерді халықаралық стандарттар бойынша сертификаттайды. Кәсіпорын қызыл және жасыл жасымық, қарақұмық, зығыр және қатты бидай өсіреді. Компания Италия, Нидерланд, Бельгия, БАӘ, Щвейцария, Дания және Түркияға экспорттайтын өңірдегі жалғыз органикалық өндіруші. Көрме заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, жоғары өнімді техника, селекциялық жетістіктер, сондай-ақ ветеринария, органикалық егіншілік және өсімдіктерді қорғау саласындағы инновациялық әзірлемелердің республикадағы ең ірі демонстрациялық алаңы. Биыл 200-ге жуық компания ІҚМ ет тұқымдарының конкурсына қойылған 500-ден астам түрлі ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық, асыл тұқымды жануарларды көпшілік назарына ұсынды.

«Ақмола облысы еліміздің аграрлық өңірі саналады. Сондықтан Дала күнін өткізу маңызды оқиға ғана емес, ауыл шаруашылығының игілігі үшін еңбек ететін мамандарды біріктіретін нағыз мереке. Мемлекет басшысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында біздің облыс айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Бізде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15%-ы өндіріледі, Қазақстанда өсірілетін бидайдың төрттен бірінен астамы әлемдік нарықта жоғары бағаланады. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларының бірі – машина жасау дамуда. Алдағы жылдары 130 млрд теңге сомасына 79 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануған. Бұл ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Дала күні аясында Агро-кеңес өтті, оның барысында өңірдің ауыл шаруашылығы өндірушілері ауыл шаруашылығы министріне сұрақтар қоя алды. Қуаныш Рақышев барлық аграршылар атынан азық-түлік корпорациясының астықты сатып алу бағасын сыныптар бойынша жариялау мерзімдерін сұрады.

«Бұл жалпыхалықтық мәселе, бүгінгі таңда фермерлер сатып алу бағасы бойынша ақпараттың аздығына алаңдаулы. Трейдерлер күзде қандай өнім алуға болатыны, сондай-ақ оны қандай бағамен сата алатыны туралы болжам жасауға тырысады», - дейді Өңірлік кеңес төрағасы.

Айдарбек Сапаровтың айтуынша, бағаны қыркүйектің ортасына дейін жариялау жоспарланып отыр. «Аскоп» ЖШС бас директоры Николай Степаненко арзандатылған дизель отынына қатысты мәселені көтерді.

«Биыл тиісті қағидаларға оператордың сыйымдылықтарда орнатылған бақылау есепке алу аспаптарын иеленуі қажеттілігі туралы өзгерістер енгізілді. Алайда, бүгінгі таңда операторлардың шамамен 70%-ы объективті себептермен КПУ-мен жабдықталмаған. Біріншіден, қазіргі уақытта Қазақстанда осы аспаптардың тек екі жеткізушісі ғана бар, екіншіден, осы ақпаратты жинау жүйесі әлі реттелмеген. Егер қазір операторларға осы себепті ЖЖМ беруден бас тартылса, аграршылар дизель отынының тапшылығы проблемасына тап болады. Бұл мәселені енгізуді келесі жылға дейін кейінге қалдыруды өтінеміз», - деді аграршы.

Ауыл шаруашылығы министрінің айтуынша, мәселе жұмыс тәртібімен шешілетін болады. Сондай-ақ, фермерлердің мүддесін көздеп, Қытай нарығына шығу, жеңілдетілген несиелеу және субсидиялау шарттары, тыңайтқыштардың бағасы жайында айтылды. Айта кетейік, екі күн ішінде фермерлер үшін семинарлар, шеберлік сабақтар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары талқыланады.

«Жыл сайын біздің ауыл шаруашылығы өндірушілері осы көрмеге қатысады, оның танымалдығы артып келеді. Мұндай іс-шаралар өте маңызды, өйткені аграршылар жұмыс жүргізудің жаңа тиімді әдістерін бөліседі, жаңа серіктестер мен жеткізушілерді табады», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер