«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Салықты төлемегеннен төлеу пайдалы болуы керек

2024 жылғы 02 Желтоқсан
- Алматы қаласы
1618 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Алматыда Айдос Сарымның төрағалығымен Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның көшпелі отырысы өтті. Мәжіліс депутаты қыркүйек айындағы Жолдауында Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентте салық заңнамасының барлық мәселелері бойынша жан-жақты талқылау жүргізіп, қажетті шешімдер табуды тапсырғанын еске салды.

Мәжілісмен басты міндет болашақта шексіз түзетулерсіз тұрақты жұмыс істейтін кодексті қабылдау екенін атап өтті. Бұл кәсіпкерлерді ашық жұмыс істеуге және салық төлеуге мәжбүрлеудің орнына ынталандыруы керек.

Қоғамдық Палатаның отырысына «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Тимур Жаркенов қатысты. Ол тұрғын үй жылжымайтын мүлігін бастапқы сату кезінде әлеуметтік сала, медицина ұйымдарын, сондай-ақ құрылыс салушыларды ҚҚС-тан босату бойынша жеңілдіктерді сақтау туралы ұсыныс енгізді.

«Салық кодексінің жобасында ТМККК және МӘМС шеңберінде кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, сондай-ақ оларды өндіру үшін материалдар мен құралдарды өткізу және импорттау жөніндегі айналымдарды ҚҚС-тан босату бойынша шектеу көзделген. Сонымен қатар, коммерциялық сегментте сатылатын дәрі-дәрмектерге ҚҚС салынады. Ұсынылған норма тұтынушыларды теңсіздік жағдайға қояды, халық шығыстарының ұлғаюына және дәрі-дәрмек тапшылығы қаупіне әкеледі», - деп түсіндірді Тимур Жаркенов.

Кәсіпкерлер де сырт қалмады. @uchet.kz компаниялар тобының негізін қалаушы және Алматы қаласы «Атамекен» ӨКП өңірлік кеңесінің төрағасы Максим Барышев пікір салды.

«Жалған кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтіп, нақты борышкерлерден салық өндіріп алу керек. Егер мұны мемлекеттік органдар жасай алмаса (немесе қаламаса), Қазақстан ішіндегі тауар айналымына ҚҚС-ты алып тастауды ұсынамын», - деді Барышев.

Ол сондай-ақ жалақы қорынан салықтар мен алымдарды бюджетке ең төменгі мөлшерлеме бойынша бірыңғай төлемге біріктіру, ал Медициналық және әлеуметтік сақтандыру қорларын Қаржы министрлігіне, Үкіметке және тиісінше Парламентке есеп беру туралы ұсыныс енгізді.

Парламент депутаттары жаңа Салық кодексі жобасын талқылаудағы барлық қсыныстарды мұқият пысықтауға ниетті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауында тапсырғанындай, «Салық кодексі салық төлеушілерге деген сенім негізінде түбегейлі жаңа салық әкімшілігін құруға бағытталуы тиіс. Кодексті жеңілдетіліп, оның ережелері барлық экономикалық белсенді азаматтар үшін түсінікті болуы керек, нормаларды әр түрлі түсіну мүмкіндіктерін болдырмау өте маңызды», - деді Президент.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер