«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

194 млрд теңге субсидия бойынша берешек: Қостанай фермерлері өзекті мәселені көтерді

2025 жылғы 10 Қаңтар
475 просмотров

Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының базасында Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров өңірдің кәсіпкерлерімен кездесіп,  ауыл шаруашылығына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Басты мәселелердің қатарында 2024 жылғы субсидия бойынша өтелмеген берешек, қарсы міндеттемелерді енгізу, сондай-ақ «Кең дала 2» бағдарламасы аясында орын алған күрделі қос кепілділік мәселесін ортаға салды.

Мәжіліс депутатының айтуынша, аталмыш мәселелер түрлі деңгейде қаралуда. Атап айтқанда, наурыз айының соңына дейін субсидия төлеу жоспарланғанын жеткізді. Субсидияларды арзандатылған кредиттерге аударуды талқылау да маңызды жайт болды.

«Бұл барлық субсидиялар жайында емес, пайыздық мөлшерлемені өтеу бойынша субсидиялар жөнінде болды. Фермерлер 20-24% несие алып, кейін мемлекеттен пайыздық мөлшерлемені қайтаруды күтеді. Кейбір фермерлер мұндай қаржылық жүктемеге төтеп бере алмайды. Шын мәнінде, банктер осыдан ақша табады, енді субсидиялаудың осы түрін алып тастау және ауыл шаруашылығы өндірушілерін несиелеуге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.  Ал қалған субсидиялар өзгеріссіз болады», - деді ол.  

Жиын қорытындысы бойынша барлық аталған мәселелер мен ұсыныстар ҚР Үкіметімен және «Атамекен» ҰКП одан әрі жұмыс істеу үшін бірыңғай тізілімге ресімделеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қараша айының соңында фермерлерге  субсидия бойынша берешек 194,8 млрд теңгені құрады. Қаржы министрлігі қарыздарды өтеуге қаражат кезең-кезеңімен, оның ішінде төлемдерді 2025 жылға ауыстырумен бөлінетінін мәлімдеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер