«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесмендер мен Палата сарапшылары барлық консультативті-кеңесу органдарында болуға тиіс

2014 жылғы 31 Шілде
- Ақмола облысы
8821 просмотров

Аталмыш мәлімдемені ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев үстіміздегі жылдың 30 шілдесінде Кәсіпкерлер кеңесінің отырысында жасады.

Отырыста өңірдегі бизнестің проблемалы мәселелері талқыға түсті.

Өз сөзінде Нұржан Әлтаев Кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының және өңір кәсіпкерлерінің сабағаттық-кеңесу органдарының құрамына, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация Директорлар кеңесіне және Кәсіпкерлікті дамыту институттарына кіруінің маңыздылығын атап өтті.

«ӘКК Директорлар кеңесі мен басқа да даму институттарының құрамында бизнес-ортадан тәуелсіз бақылаушылар болуға тиіс. Оның Өңірлік Кеңес мүшелеріне даму институттарының қызметі жайлы есеп беріп отыруы маңызды», - деп атап өтті Нұржан Бауыржанұлы.

Басқарма Төрағасының орынбасары отырыс соңында Кәсіпкерлер палатасының басымдылықты міндеттерін белгілеп берді.

«Палатаның бірінші кезекті міндеті кәсіпкерлердің клиенттерге бағдарлануы болуға тиіс, яғни бизнестің проблемаларын шешу қажет. Екіншіден, кәсіпкерлерге Палата көмектескен кәсіпкерлердің проблемалары туралы ақпарат беру қажет. Үшіншіден, ісін бастаушы кәсіпкерлерді оқытуды жүргізу қажет, «Даму», ҚазАгро, сәулет және жер қатынастары өкілдерін тарту керек», - деп қорытты сөзін Нұржан Әлтаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер