«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алтын сапа: Агробизнестегі серпін

2015 жылғы 08 Желтоқсан
- Ақмола облысы
11247 просмотров

Қазақстанда дайын астық кептіретін орын салушы жалғыз компания

Ақмола облысын танытушы «Алтын сапа» ұлттық байқауының тағы бір қатысушысы «AZAM-KC» ЖШС. Кәсіпорын салыстырмалы түрде таяуда, 2012 жылғы сәуір айында құрылған. Астықты сақтау, кептіру, қайта өңдеу мәселелері ауылшаруашылық өндірушілер үшін өзектілігін жоймайды. Компания басшылығы элеваторларды қалпына келтіру және тұқым желілерін ұйымдастыру тәжірибесін пайдалана отырып, жергілікті климат, экономикалық және басқа да жағдайларға жауап бере алатын астық кептіргіш кешендерге арналған жабдық өндіру жөніндегі кәсіпорын құруға шешім қабылдайды.

«Элеваторларды, құрамында өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы бойынша толық циклға ие шаруашылықтарды зерттеп, онда тікелей жұмыс жасай жүріп, құрамдауын анықтап, астық кептіргіш кешенді дайындай алдық әрі тұрғыза алдық. Олар бүгінде экономикалық тиімділігін ақтап отыр», - дейді «AZAM-KC» ЖШС директоры Аязбек Мусин. Бүгінде кәсіпорынның негізгі қызмет түрі – астық, майлы және бұршақ-астық тұқымдастарды бастапқы өңдеу, кептіру және қайта өңдеуге арналған ауылшаруашылық жабдық өндірісі, құрылысы және жөндеу жұмысы. Еліміздің нарығында – бұл әзірше тапсырыс берушілеріне «дайын астық кептіргіш» қызметін ұсынушы жалғыз компания. Бірегей кешен қабылдау, тазалау, астық кептіру, қоймада сақтау және тұқымды тазалау жөніндегі желіден тұрады. Сонымен қатар жиынтыққа аастықты алдын ала зерттеуге арналған машина да кіреді. Аязбек Мусиннің айтуынша, бұл қосымша механикаландырылған тоқтың құрылысын қажет етпейді және құрылыстың бастапқы кезеңінде шығындарды едәуір қысқартады.

Кез-келген бизнестің негізі жоғары білікті кадрлар болып табылады. Компания басшылығы мұны түсіне отырып, кәсіпқойлар тобын жасақтап, үнемі олардың біліктілігін арттырып отырады. Кәсіпорын қызметкерлері жыл сайын шетелде машықтанудан өтіп тұрады. Атап айтқанда, жақында алты қызметкер Беларусь Республикасы Жодино және Несвиж қалаларында жабдықты шеф-монтаждауды жүргізді. Сонымен қатар, «AZAM-KC» ЖШС базасында конструкциялық бюро мен сынақтар өткізуге арналған алаңнан тұратын тәжірибелік өндіріс бар.

Бір айта кететіні, «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқауында 3 орын алған және «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясының иегері атанған компания болашаққа сеніммен қарайды. «Аталмыш жоба агробизнесте серпін жасай алады деп есептейміз. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін жеке өңдеу мал шаруашылығы үшін сенімді азық базасын жасақтайды, ал табыс алу қаржыландырудың қосымша көзі болып табылады», - деп түйіндеді кәсіпорын директоры. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер