«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Қазақстанның үздік тауары» байқауына өңірден 15 компания қатысады

2018 жылғы 23 Мамыр
- Ақмола облысы
3480 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы 1 шілдеге дейін «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауына қатысуға өтінімдерді қабылдайды.

ӨКП Экономикалық талдау бөлімінің бастығы Жанна Байқонарованың айтуынша бүгінде экономиканың түрлі саласында қызмет ететін өңірдің 15 компаниясы байқауға қатысуға өтінім бермек.

«Бұл ет, сүт өндірушілері, құс шаруашылығы компаниясы, өнеркәсіптік өндірісі, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары. Қатысушылар георгафиясы – Көкшетау қаласы, Зеренді, Шортанды, Целинорград аудандары, әлі де өтінімдер келіп түседі деп күтілуде», – деді Жанна Байқонарова.

 Қатысушылар арасында бұрын жеңіске жеткен компаниялар да бар.

 «Capital Projects LTD» ЖШС  2016 жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында ІІ орын алған. Компания «Курочка Ряба» брендімен құс етін өндіреді.

«Capital Projects LTD» ЖШС өз жұмысын 2012 жылдың сәуір айынан бастаған. 2014 жылдың қазан айында өнімнің бірінші партиясы шықты. Бүгінде бұл замануи құс кешені, жылына 20 000 тонна өндіріледі.

«ENKI» ЖШС – кірпіш шығарушы отандық ірі компания. 2017 жылы «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «Өндірістік мақсатты үздік тауар» аталымында ІІ дәрежелі дипломант атанған.

Қазіргі таңда бұл автоматтандырылған қыш кірпішін шығаратын зауыт. Қуаттылығы жылына 60 млн дана кірпіш шығару. Зауытта жоғары технологиялық жабдықтар 36-дан астам қасбеттік түрлі-түсті кірпіш шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Кірпіштің Қазақстан мен ТМД бойынша баламалары жоқ. Осы жерде ірі көлемді споралы блоктар шығады.

Топырақты өңдеу, форма келтіру, кептіру мен күйдіру, кірпішті қаптау үдерісі автоматтандырылған. Заманауи технологияларды қолдану және кірпішті газбен күйдіру процедуралары экологиялық таза өнімді беріп отыр.

Былтыр Көкшетаудың танымал кәсіпорындарының бірі – «Гормолзавод» ЖШС «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауында «Үздік азық-түлік тауары» аталымында ІІ орын еншілеген.

Зауытта кілегей, шоколад, жеміс-жидек балмұздақ өндірісі енгізілген. Келешекте – италиялық рецепт бойынша премиум-кластағы қатты балмұздақ өндірісі қолға алынбақ.

 «Гормолзавод» ЖШС-ның бүкіл өнімі табиғи шиказттан шығарылады. Жалпы мұнда 40 түрлі өнім өндіріледі. Пастерленген сүт, балғын сүт, кілегей, қаймақ, сары, май, қышқыл өнімдер, айран, ряженка, брынза, чечел өндіріледі. Сонымен қатар құрт пен қоспа сынды ұлттық дәм түрлері шығады. Жоспарда қатты ірімшік түрлері, құрғақ сүт пен сарысу шығару.

 «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы үш аталым: «Өндірісітк мақсатты үздік тауар», «Үздік азық-түлік тауары», «Халыққа арналған үздік тауар» бойынша өтеді. Өңірде жеңіске жеткен компаниялар республикалық байқауға жолдама алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер