«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына қатысушыларға арналған семинар өтті

2018 жылғы 13 Маусым
- Ақмола облысы
4005 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында сапа байқауына қатысушыларға түсіндірме-оқыту жұмыстары жүргізілді

Ақмолалық 25-ке жуық компания оқыту семинарына қатысты. Тренинг байқау өткізу шарттарымен таныстыруға, қатысушыларға кеңес беру, әдістемелік көмек көрсетуге, ережелерді түсіндіруге, халықаралық сапа байқаулары жайлы ақпарат беруге бағытталған.

«Байқауға қатысу – Ақмола облысындағы өндірушілердің өнімін таныстырудың бірегей мүмкіндігін. Биыл «Ақмола өнімдері» деген атаумен өңірлік тауар өндірушілердің ауқымды көрмесін өткізу жоспарланған. Көрме-байқау 28 шілдеде өтеді. Белсенді қатысуға шақырамыз», - дейді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков.

Семинарға қатысушылардың арасында ірі, орта және шағын бизнес өкілдері бар. «Гормолзавод» ЖШС байқауға бірнеше рет қатысып келеді. Былтыр кәсіпорын «Үздік азық-түлік тауары» аталымының ІІ дәрежесіне ие болған. зауыт өкілі Жанар Диянованың айтуынша байқауға қатысу имидждік шешім ғана емес, компанияны жетілдірудің мақсаты.

Семинарда «Атамекен» ҚР ҰКП және ТМД сапа сыйлығының сарапшысы Мадина Мұқатова байқауға енгізілген өзгертулер жайлы түсіндірді.

«Биыл «Алтын сапа» байқауына қатысушылардың кәсіпорындарын білікті мамандар тексереді. Байқаудың финалына өткендердің кәсіпорындарына барып, жұмыс процесімен танысады. Сарапшылар әр топ пен аталым бойынша 40 кәсіпорынды финалға шығады. Нәтижесінде 14 компания соңғы іріктеледі», - дейді Мадина Мұқатова.

Сонымен қатар биыл жеңімпаздар 1 млн теңгеге жуық ақшалай сыйлық алады. Бұл қаражат ТМД өндірушілері арасында сапа байқауына қатысуға мүмкіндік береді.

«Қазақстанның үзік тауары» көрме-байқауында да аздаған өзгерістер орын алған. Алдымен әдеттегідей өңірлік көрме-байқаулары өтеді, өңірлік кезеңнің 9 жеңімпазы республикалық байқауға қатысады. Одан кейін 114 қатысушыдан онлайн-дауыс беру арқылы 27 кәсіпорын финалға шығады.

Байқауға қатысу тегін және өтінім 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады,

Қосымша ақпарат алу үшін: 7 (7162) 722-539, 722-534, моб. 77759360373, эл.адрес: zh.baikanurova@atameken. kz; g.edrisova@atameken.kz немесе ұйымдастырушылар сайтында: http://altynsapa.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер