«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экотуризмге қызығатын адамдар үшін

2016 жылғы 27 Сәуір
11386 просмотров

29-30 сәуірде Ақкөл қаласында (Астанадан 50 минуттық жерде) халықаралық инвестициялық «WAKE UP 2016» форумы өтеді

Бұл шараны Ақкөлдің туризмді дамыту орталығы ҚР «Атамекен» ҰКП қолдауымен, Ақкөл аудандық әкімдігінің және Ақмола облысы әкімдігінің көмегімен ұйымдастырады.

Қазақстан әлемде табиғи байлығы бойынша алдыңғы санатта аталатын мемлекет. Бірақ осы байлығымызды әлі күнге дейін лайықты деңгейде көрсетіп, қолдана алмай келеміз. Өйткені, туризмге бейімділік бойынша 86 орында, экономикалық сектордағы туризмнің алатын орны 59-шы, қонақ үйлер бойынша 85-ші, олардың бағасы бойынша 115-ші орында екенбіз. (UNWTO – Дүниежүзілік экономикалық форумының мәліметтері бойынша алынған дәйектер).

Ұйымдастырушылардың айтуынша, табиғи туризм елордалық агломераттың басты экономикалық саласына айналуына мүмкіндік бар. Қазақстандық және шетелдік туристердің көптігі, инфрақұрылым, жаңа жұмыс орындары, инвестициялар – облыстағы экотуризмді дамытудың негізгі пайдасы осылар.

Мұндай форумды өткізу экотуризм стратегиясын дамытып қана қоймай, негізгі қиындықтарға назар аудартып, табиғи туризм дамуының басты кедергілерін еңсеруге көмектеседі. Сол жиналған мәселелерді диалог ретінде ортаға салып, оларды шешудің Қазақстанның барлық өңірлері үшін бірдей маңызды болатын жаңа өнімді форматтарды және шешімдерді табу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.

Форумға қатысушылардың аудиториясына келсек, ұйымдастырушылар, халықаралық инвестициялық форум тек шенеуніктер мен туризм саласының ғана мамандары үшін өткізіліп жатпағанын ескертті, оларға қоса туристік инфрақұрылымға қатысы бар кәсіпкерлер, туристік нысандарға қызығушылық танытатын инвесторлар, өңірлерді танытуға үлес қосып жүрген маркетологтар мен журналистер, осы аумақта өмір сүретін халыққа, туристерге арналған форум болатынын айтады.

Форумға кем дегенде 500 адам қатысады деп күтілуде.

Толық ақпаратты білуге мына телефонға хабарласуға болады: 8-716-382-58-70, 8-705-338-96-75.  

«WAKE UP 2016» инвестициялық форумының бағдарламасымен орысша, ағылшынша танысуға болады. 


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнеске айналған хобби
25 Маусым
2018
Ақмола облысы
Ақкөл: Жаңа туристік Мекке ме?
4 Мамыр
2016
Ақмола облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер