«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Сенаторлар бизнесті қолдайды: депаутаттар кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап қайтарды

2018 жылғы 05 Қаңтар
- Ақмола облысы
6443 просмотров

Ақмола облысына жасалған жұмыс сапары аясында ҚР Парламент Сенатының депутаты Рашит Әкімов және Дәурен Әділбеков Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесті. Кездесу аясында сенаторлар атқарылған жұмысқа қысқаша шолу жасады. Бір жыл ішінде сенат 94 заң қабылдады.

Сонымен қатар, Рашит Әкімов және Дәурен Әділбеков Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер жайында баяндады.

Қойылған сұрақтарға жауап қайтара отырып, депутаттар жер пайдалану саласында жақсы жеңілдіктер бар екендігін мәлімдеді. Олардың ойынша аталған шара саланы дамытуда үлкен серпін береді.

Өңірлік палатамен қарат кездесуге Кәсіпкерлердің құқығын қорғау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңесінің өкілдері, Өңірлік іскер әйелдер кеңесі, кәсіпкерлер кеңесі мен кәсіпкерлердің өздесі қатысты.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпкердің бірі сенаторлардың көмегіне жүгінді.

«ДайСервис» ЖК төрағасы Дәулет Уәлиевтің пікрінше Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік органға жат іс-әрекеттер жасайтынына шағымданды.

Кәсіпкердің айтуынша, «ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті» мемлекеттік орган мен Көкшетау қаласының «ДайСервис» ЖК арасында 27.07.2017 жылы мемлекеттік сатып алуларға байланысты №87 келісім жасалды. Тендер жеңіп алынды, алайда, мемлекеттік орган тауарын алып әрі жұмысын жасатып алған соң кәсіпкер өз міндетін атқармады деген қорытынды беріп, тауар қабылдау-тапсыру актісіне қол қоюдан бас тартады.

Уәлиевтің айтуынша, осылайша кәсіпорын мемлекеттік сатып алуларда адал ниетті емес кәсіпорындар қатарына қосылғандығын алға тартады. Алайда Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің талаптары келісімде көрсетілмеген болатын. Кәсіпкердің айтуынша соттарға шағымдану болғанымен кәсіпкерді тыңдамастан сот мемлекеттік орган тарапын қолдауға кіріседі.

Кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Валентина Геращенко соңғы уақыттары әкімшілік араласу жиі байқалып, бизнеске қысым жасалатындығын айтты. Сенаторлардың назарларына аталған мәселені бақылайға алуды ұсынды.

Сенат депутаттары мәселені тек назарларына алып қана қоймай, шешуге әрекет жасау үшін мәселеге байланысты барлық құжаттарды ұсынуларын сұрады. Сонымен қатар, Бас прокуратураның көмегіне жүгінуді сөз қылып, өздерінің тараптарынан Атырау облысындағы өкілдерінің араласуын қамтамасыз ететіндігін айтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер