«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Көкшетауда «Бір ауыл — бір өнім» көрмесі өтті 

2024 жылғы 21 Тамыз
- Ақмола облысы
6242 просмотров

«Бір ауыл —  бір өнім» - өңірде бірегей өнім іздеу, жергілікті тауарлар мен қызметтер өндірісін дамыту, тек жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілер бірлестіктерін құруға бағытталған жоба. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешов, бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Көрмеге Көкшетау, Қосшы, Степногорск, Атбасар, Бурабай, Егіндікөл, Целиноград аудандарынан қырыққа жуық қатысушы келіп, өз өнімдерін ұсынды. Ұсынылған жобалардың ауқымы өте кең: нан-тоқаш, ет-сүт өнімдері, жартылай дайын өнімдер, вермикомпост, зергерлік бұйымдар, жиһаз өнімдері, бөдене өсіру және тағы басқа өндіріс. 

«Ауыл кәсіпкерлігін қолдауға бағытталған «Бір ауыл —  бір өнім» көрмесі екі жыл қатар өткізіліп келеді. Әрбір елді мекеннің өз бәсекелестік артықшылығы бар екеніне сенімдімін және жергілікті шикізат, жергілікті біліктіктерді пайдалана отырып, көрменің әрбір қатысушысына өз өнімдерін лайықты түрде ілгерілетуге мүмкіндік туды», - деді Ернар Жаркешов. 

Бөдене жұмыртқасы мен етінен жасалған өнімдерді жұбайы Асқармен бірге тұтас ферма құрған Қосшы қаласының тұрғыны Гүлнұр Ақполатова ұсынды. Ферма құру идеясы мамандығы бойынша педиатр-реаниматолог Гүлнұр Момынқызына тиесілі. Жылдың басында олар инкубаторға салу үшін екі мың бөдене жұмыртқасын сатып алды. Өсірілген балапандардан тек 200 бөдене өсіруге болады. 

«Сонымен, сынақ пен қателіктерді өткеріп, біртіндеп өз өндірісін жолға қоюға болады. Бүгін біз Small және Gastronom дүкендер желісінде өнімдерді жеткізуге келісім-шарттар жасадық. Сол дүкендерге күн сайын «Samgau Qus» сауда белгісімен екі мың жұмыртқа жеткізіледі. Сондай-ақ, бөдененің ысталған еті, майонез өндірісі жолға қойылған», - дейді Гүлнұр Ақполатова.

Болашақта компания өндірісті, брендті ілгерілету және өнімнің ассортиментін арттыруға ниетті. 

Атбасар қаласының тұрғыны Данияр Бисарин ұлттық стильде былғары және ағаш бұйымдарын шығарады. Бастапқыда ол жиһаз өндірісіне маманданған — үстелдер, орындықтар, ілгіштер, тіпті беседкалар жасаған. Алайда, көп ұзамай қолөнерші халықтың сұранысына сүйене отырып, садақ, қорамсақ, арбалет, зергерлік бұйымдар жасай бастады. Бүгінгі таңда көрмеге қатысушының айтуынша, тапсырыстар жеткілікті, өнімдер үлкен сұранысқа ие. 

Көкшетау қаласынан келген  қолөнерші Нұргүл Омарова этностильдегі сәндік төсемдер мен тротуар плиткаларының сериясын ұсынды. 

«Біз өз қызметіміздің бағытын таңдамас бұрын жұбайымызбен ұзақ ойландық. Кәсібіміз басқаларға ұқсамауы керек деп шештік, біз өзіміздің ұлттық дәстүрлеріміз бен негіздерімізді тапқымыз келді. Егер үйдің ауласында, көшеде, алаңда этникалық өрнектер болса, бұл өте әдемі және ерекше көрінеді», - дейді Нұргүл Омарова. 

Бурабай ауданының тұрғыны Гүлжан Болпанова Бурабай тау бөктеріндегі бірегей емдік бал, шай, бальзамдар жасаумен айналысады. Оның айтуынша, балдың айрықша ерекшелігі - оның құрамы. Бурабай ұлттық паркінің флорасында өсімдіктердің 750-ден астам түрі бар, олардың 20 түрі Қызыл кітапқа енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер, ал 80-ге жуық түрі реликті екпелер. ‎

Көрме барысында жобаларды мемлекеттік органдар, ӨКП, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері кіретін жұмыс тобы бағалады. Қорытындысы бойынша алдағы кезеңдерге қатысу үшін он жоба іріктелді. Олардың ішінде: ингуш халвасы (Көкшетау қ.) өндірісін ұсынған Роза Гатагажева, Бауыржан Жалғасбаев - женттің (Целиноград ауданы) түр түрлерін өндіру, Асқар Ақполатов – бөденеден жасалған өнімдер (Қосшы қ.), Гүлжан Болпанова - бал, құрама шөптерден шай өндіру (Бурабай ауданы), Карина Гаспарян - ет өнімдері (г.Көкшетау), Есхожин Кеңесі - дайын таңғы ас дайындау (г. Қосшы), Валентина Клаус - шам, қолдан жасалған сабын жасау (Көкшетау қ.), Нағима Умышева - кір сабын жасау (Көкшетау қ.), Данияр Бисарин - қолдан жасалған былғары және ағаш бұйымдар (Атбасар ауданы), Айжамал Шәкірова - құрама жем өндіру (Аршалы ауданы).

«Бүгінгі көрменің қорытындысы бойынша бұл «ондық» өз жобаларын осы жылдың қыркүйек айында бренд-комитет алдында қорғайтын болады. Оны бағалау қорытындысы бойынша «Бір ауыл - Бір өнім» жобасының үш финалисі сайланады. Біз оларға жобаларды одан әрі сүйемелдеу, дизайнды әзірлеу, қаптау және өнімді қазақстандық немесе халықаралық сауда алаңдарына шығару бөлігінде ақпараттық-консультациялық қолдауды қамтамасыз етеміз», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер