2025 ЖЫЛҒА МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНА
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына
2025 жылға арналған міндетті мүшелік жарналар туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сәйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілерінің топтары ішінде сатылау белгіленсін және міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:
2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МІНДЕТТІ МҮШЕЛІК ЖАРНАЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
2025 жылға арналған ММЖ мөлшері
Топ |
Градация |
Жылдық жиынтық табыс, АЕК (2024 жылғы айлық есептік көрсеткішпен) ** |
2024 жылғы жылдық жиынтық табыс (теңгемен) |
Жарналар мөлшері (2025 жылғы айлық есептік көрсеткішпен)*** |
|||
бастап |
дейін |
бастап |
дейін |
АЕК |
теңге |
||
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері |
1* |
60 000 |
150 000 |
221 520 000 |
553 800 000 |
- |
босатылды |
2* |
150 000 |
300 000 |
553 800 000 |
1 107 600 000 |
- |
босатылды |
|
3 |
300 000 |
420 000 |
1 107 600 000 |
1 550 640 000 |
105 |
412 860 |
|
4 |
420 000 |
690 000 |
1 550 640 000 |
2 547 480 000 |
130 |
511 160 |
|
5 |
690 000 |
1 500 000 |
2 547 480 000 |
5 538 000 000 |
155 |
609 460 |
|
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілері |
6 |
1 500 000 |
2 310 000 |
5 538 000 000 |
8 528 520 000 |
505 |
1 985 660 |
7 |
2 310 000 |
3 120 000 |
8 528 520 000 |
11 519 040 000 |
1010 |
3 971 320 |
|
8 |
3 120 000 |
3 930 000 |
11 519 040 000 |
14 509 560 000 |
1515 |
5 956 980 |
|
9 |
3 930 000 |
4 740 000 |
14 509 560 000 |
17 500 080 000 |
2020 |
7 942 640 |
|
10 |
4 740 000 |
5 550 000 |
17 500 080 000 |
20 490 600 000 |
2525 |
9 928 300 |
|
11 |
5 550 000 |
және жоғары |
20 490 600 000 |
және жоғары |
3030 |
11 913 960 |
* 1, 2 градациялар ММЖ төлеуден босатылды (2022 жылғы 18 ақпандағы №9 хаттама)
** 2024 жылғы айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге
*** 2025 жылғы айлық есептік көрсеткіш – 3 932 теңге
2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кәсіпкерлік субъектілер тобы:
1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы;
2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) және есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың әрқайсысы босатылсын.
3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:
1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті білдіреді;
2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым әрбір келесі заңды тұлғаның өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;
3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сәйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босатылады;
4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.
4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.